11 желтоқсанда «102» қызметіне Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының ғимаратында жарылғыш құрылғы бар деген хабар түскен.
Аталған мекенжайға жедел келген құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы іс-шаралар өткізді.
Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер осы мекемеде мәжбүрлі түрде емделіп жатқан облыс орталығының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Ұсталған адамның айтуынша, осылайша ол орталықтан қашуды жоспарлаған.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.