«26 желтоқсанда сағат 2:00-дер шамасында Абай даңғылындағы «Қазфосфат» ЖШС ғимаратының алдында иесіз сөмке жатқаны анықталды. Ол туралы хабар Жамбыл облыстық ІІД-ден келді», - делінген хабарламада.
Сөмке тұрған жерге құтқару қызметтері мен құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды.
Жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ, дейді ведомстводағылар.