Тараздағы мектептердің бірінде Алтынбек Қоразбаевтың демеушілігімен ІТ-сынып ашылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы мектептердің бірінде белгілі әнші, композитор Алтынбек Қоразбаевтың демеушілігімен ІТ-сынып ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тараз қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Тараз қаласының № 30 мектеп - гимназиясы жанынан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Алтынбек Қоразбаевтың демеушілік жасауымен ІТ-сынып ашылды. Бұл игі іс «Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» жобасын іске асыру аясында партия Тараз қалалық филиалының қолдауымен жүзеге асырылды»,-делінген хабарламада.

ІТ-сынып 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған жабдықтар, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ІТ-сыныпта оқушылардың сабақ оқуына қажетті құралдар мен робототехника және 3D модельдеу үстелдері орналасқан.

Мұнда күніне 5 сағат сабақ өткізіліп, кез келген қызығушылық танытқан 20 бала өз білімдерін жетілдіре алады.Сыныптың ашылу салтанатын қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, «Нұр Отан» партиясынысы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат қатысты.