Тараздағы мереке шеруі

None
ТАРАЗ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Тараздағы «Достық» алаңында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған театрландырылған шеру өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс орталығының бас алаңында Жамбыл облысы кәсіпорындары мен ұйымдарының, ұлттық-мәдени орталықтардың да салтанатты шеруі өтуде. Бұдан кейін Тараз қаласы мен облыс эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.Халық серуені «Достық» алаңында да, Тұрар Рысқұлов атындағы қалалық саябақта да өтуде, қала тұрғындары әртүрлі ойын-сауық шараларын тамашалауда. Мамыр мерекесінде спорт шараларына елеулі көңіл бөлініп отыр. Жастар сарайында тоғызқұмалақтан республикалық жастар жарыстары ұйымдастырылған. «Жастар» стадионында жамбылдық спортшы Хасан Бектұрғановтың атындағы футболдан Тараз кубогының жартылай финалы өтеді.Ертең, мамырдың 2-сінде Бауыржан Момышұлы атындағы атшабарда ұлттық спорт ойындары ? көкпар мен аударыспақтан ІХ ел чемпионаты басталады, сондай-ақ ат спортынан ІІІ чемпионат ауқымында теңге алу және қыз қуу жарыстары өтеді. Тараздың «Дельфин» бассейнінде жүзуден ХІ жастар спорт ойындары жоспарланып отыр.