Дамытылған жоба наурыз айының соңында Орталық Азия кезеңінде ел намысын қорғайтын болады,
Байқауды Қазақстанның ең ірі стартап инкубаторларының бірі – MOST ұйымдастырды.
«Байқаудың екі күнінде біз өз өнімімізді жетілдіру мақсатында тынымсыз жұмыс жасадық. Бүгінгі жеңісіміз – қазақстандық нарықта ірі EdTech компаниясын құру жолындағы тағы бір қадам болып отыр», – дейді жоба қатысушысы, 12 сынып оқушысы Саяжан Оңласын.
UnApp Space – бұл автоматтандырылған режимде шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындалуға арналған платформа.
Қазіргі уақытта жас кәсіпкерлер Назарбаев Университеті жанындағы стартап инкубацияның екінші кезеңінен өтіп, өз өнімдерін түлектер арасында танымал етуге тырысуда.