Тараздағы Орынбеков-Көпшенбетовтер отбасында үшем дүниеге келді

ТАРАЗ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Тараз қаласында Орынбековтер мен Көпшенбетовтер отбасында үш бірдей сәби дүниеге келді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан.

«Бұл отбасында енді алты бала бар, - деді тілшімізге берген сұхбатында облыстық денсаулық сақтау бөлімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Толқын Өмірбаева. - Ал қаңтар айында Айнұр Көпшенбетованың үш сәбиі дүниеге келді. Салмақтары 2 жарым келі болатын үш ер бала қалалық перинаталдық орталықта туған. Дендері сау болып туған олардың жағдайы жақсы».

Нәрестелердің есімдерін Аман, Есін және Жүрсін деп қойған.

«Алты баланың анасы қазір жұмыссыз, ал оның жұбайы Қанат Орынбеков жекеменшік тасумен айналысады. Балаларды қарап, оларды емдеуге қажетті шығындардың бәрін қалалық балалар ауруханасы өз мойнына алып отыр», - деп түсіндірлі облыстық денсаулық сақтау басқарма баспасөз қызметінің жетекшісі. - Отбасында сәбидің дүниеге келуі әрқашан үлкен қуаныш әкеледі, ал бірден осынша бала дүниеге келгенде үши есе қуанасың».

Облыстық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, 2013 жылы Жамбыл облысында үш отбасында үшем дүниеге келген. Қазіргі таңда ол сәбилердің барлығының денсаулықтары ойдағыдай.

Барлығы өткен жылы өңірде 27028 бала туған, олардың 13106-сы ер балалар, 13922-сі қыздар.