Тараздағы өзін-өзі өртеу оқиғасы бойынша тергеу барысы ерекше бақылауда - ҚР Бас прокуратурасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Тараз қаласында 20 жастағы жігіт өз-өзін өртеп жіберген.

«24 қазан күні сағат 10.30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында 1995 жылы туған Е.А. Бектібаев өз-өзін өртеген. Алған күйіктің нәтижесінен ол қалалық ауруханада көз жұмды. Ол өзін өртеместен бұрын бұл оқиғаға полиция қызметкері кінәлі деп мәлімдеген», - деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты болған мән-жайларды жан-жақты анықтау мақсатында осы факт бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) және 362-бабы (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Объективтiлiктi қамтамасыз ету үшін қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорына тапсырылды.

Тергеу барысы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бақылауында тұр.