Тараздағы театр фестивалі халық батырын мадақтайтын жалпыхалықтық мереке болады - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев
«Біздің аймақтың тұрғындары мен театр өнерін сүйетін қауымның атынан Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы мен қазақстандық даңқты батыр, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған театр фестивалінің қатысушыларына шын жүректен сәлем жолдаймыз», - делінген әкімнің сәлемхатында.
Аймақ басшысы атап өткендей, бұл фестивальдің екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласында өткізілуінің рухани және патриоттық мәні зор. «Егер экономика халықтың әл-ауқатын жақсартса, оның ұлдарының батырлығы елдің мәртебесін асырып, ұлы жетістіктерге бастайды», - деп атап өтті Қ.Бозымбаев.
Еліміздің театр тарландары осы фестивальға өздерінің қазақ, орыс, корей және неміс тіліндегі үздік қойылымдарын ұсынған. Қойылымдарға 250-ден астам актер атсалыспақ.