Тараздағы ұрланған сәби оқиғасы: Күдікті нәрестені сатпақ болған

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда перзентханадан жаңа туған сәбиді ұрлап кеткен күдікті нәрестені сатпақ болған. Анықталғандай, баланы сатып алмақ болған отбасы Алматы қаласынан келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай күдіктіқыз баланы қонақүйде асырап алушыға беру сәтінде қолға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, сәбиді ұрлаған 22жастағы келіншек маусым айында дәл осы орталықта кесір тілігінің көмегімен қызбаланы дүниеге әкелген. Тиісті ем-домын алған соң 5 шілдеде үйіне жіберілген.Алайда 3 тәуліктен соң келіп, медицина қызметкерлері кіретін есіктен баланысыртқа алып шығып отыр. Алайда қылмысы бейнебақылаукамерасы арқылы әшкере болды.

«Жанымда жатқан әйелдің қал жағдайынсұраймын деп кірген. Медицина қызметкерлері баланы тербетіп тұрған ғой.Тербетіп жүрген кезде телефон шырылдайды. Телефонмен сөйлесіп жатқан сәтін пайдаланып алып кеткен», – дейді облыстық перинаталдық орталығының басакушері Сәуле Әлжанова.

Осы жайттан соң облыстық денсаулықсақтау басқармасы ішкі тексеру жүргізді. Ісіне салғырт қарағаны үшінперзентхананың 2 бөлім меңгерушісі қатаң сөгіс алса, 4 қызметкер жұмыстанбосатылған.

«Ішкі бақылау камераларының арқасындакүдікті анықталды. Нәресте анасына қайтарылды. Қазіргі таңда нәрестенің жағдайыжаман емес. Өміріне қауіп жоқ»,- дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтаубасқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов.

Айта кетейік, облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда күдіктіге қатыстыҚылмыстық Кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеуамалдары жүргізілуде. Кінәсі толық дәлелденсе, 10 жыл арқалауы мүмкін. Қазіремізулі сәбиі болғаны үшін бұлтартпау шарасы тағайындалыпты. Келіншек бұғандейін істі болып, дау медиация арқылы шешіліпті.


Соңғы жаңалықтар