Қарақшы дүкенге ғимарат қабырғасын бұзып кіріп, алтын бұйымдардың көп бөлігін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 25 000 000 теңгені құрайды.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орын алған аумақты тексеру барысында дүкенге қылмыстық шабуыл жасау алдын ала мұқият дайындықпен ұйымдастырылғаны белгілі болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласы ПБ 1-ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірген. Ол Қарағанды облысының 49 жастағы тұрғыны болып шықты», -делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторында қамауға алынды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.