«Тараздағы оқиғаға байланысты съезд алдында жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен сөйлестім. Өкінішке орай үш адам сол жерде қаза тапты. Үш адам ауруханада. Олардың бірі - бала бас жарақатын алған, жағдайы ауыр. Арнайы операцияға дайындап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қандай көмек болсын көрсетуге дайынбыз. Екінші науқаста қарқынды ем алып жатыр. Денесінің 50 пайызын күйік шалған. Барлығы медициналық көмек алып жатыр. Бәрі менің жеке бақылауымда", - деді Елжан Біртанов.
Еске сала кетсек, Елбасы тапсырмасымен Тараздағы төтенше жағдайды тергеуге қатысты үкіметтік комиссия құрылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.