Қалаға қосылған аумақтар үшін жаңа су құбырларын тарту және ескі желілерді ауыстыру жобалары әзірленді. Жұмыстардың бір бөлігіне республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі қажет.
Тағы бір ірі жоба Шалғай Қарасу, Орман, Тектұрмас алқаптарын және теміржол өткелінен арғы аумақты қамтиды. Оның құны 4,8 млрд теңгеге бағаланып отыр.
«Қант зауыты» алқабында 39 шақырым су желісін шамамен 1,05 млрд теңгеге жаңарту жоспарланған. Әуежай маңындағы тұрғындар үшін ұзындығы 7,7 шақырым болатын магистральдық су құбырын тарту жобасы әзірленді. Оның құны — 597,7 млн теңге.
Шағын тұрғын алқаптар үшін де жеке жобалар қарастырылған. Қаланың шығыс шетіндегі Талас алқабында 274 аулаға су жеткізу үшін 11,8 шақырым құбыр тарту жоспарланып отыр. Бұл аумақта 1 370 адам тұрады. Әкімдік мәліметінше, жобаның құны шамамен 417,7 млн теңге.
Ал Дорожник алқабында ұзындығы 5,5 шақырым болатын су құбыры 750 тұрғыны бар 150 ауланы сумен қамтуға тиіс. Оған шамамен 248,8 млн теңге қажет.
Аудан әкімінің айтуынша, ұсынылған жобалардың бірқатары әзірге республикалық бюджеттен қаржы бөлінуін күтіп отыр.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда келер жылдан бастап асу тарифі — 38%, ал кәріз қызметі 12% қымбаттауы мүмкін екенін жазғанбыз.