Команданың ғаламтордағы сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, ол бұған дейін жоспарланғандай Германияның Оберлигасында («Oberliga Niederrhein») ойнайтын «Динслакен-Хиесфелд» командасы емес, Түркияның 3-ші лигасындағы жергілікті «Арсинспор» командасымен өтіп отыр.
Сербиялық Любомир Петрович жаттықтыратын тараздықтар бірінші боп есеп ашқан болатын. Онда байқауға келген сербиялық Йосиф Раньделевич көзге түсті. Алайда аланиялықтар оған 2 доппен жауап беріп, жалпы есепте 2:1 есебімен басым түсті. Жалпы бұл «Тараз» командасының жаңа маусымға әзірлік кезіндегі екінші кездесуі болып отыр. Бұған дейін олар желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірлігіндегі алғашқы жиында Дубай қаласының «Аль-Шабаб» командасын 2:0 есебімен ұтқан еді. Енді олардың келесі спаррингтік кездесуі 16 қаңтарда өтпек. 22 қаңтарға дейін созылатын бұл жиында тағы бір кездесу өтеді деп жоспарлануда.