Әкімшілік полиция комитеті ұйымдастырған шарада балаларға жолда жүру ережелері таныстырылды. Сондай-ақ, оқушылар Жамбыл станциясы желілік полиция бөлімінің жұмысын өз көзімен көрді. Теміржол тораптарындағы қарапайым ережелермен танысып, ереже бұзғандарға ауызша ескерту жасауды үйренді. Бұл игі шараның оқушылардың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына және балаларды жол апатынан сақтандыруда маңызы зор.
«Орта мектеп оқушыларымен және Тараз қаласының теміржол колледжінің студенттерімен бірлесіп, лекция өткізіп, бейнероликтер көрсеттік, полицейлердің жұмысымен таныстырдық», - дейді Жамбыл станциясы желілік полиция бөлімінің инспекторы Гүлдана Мұсаева.
Ғибрат Сембай