Тараздық студенттерге арналып жайлы жатақхана салынып жатыр
ТИГУ-дың ректоры Ерболат Саурықовтың айтуы бойынша, университет жақында ғана Тараз қаласынан аумағы 7,5 мың шаршы метрді құрайтын 5 қабатты ғимарат сатып алған.
Биылғы жылы 2, 3 қабаттарына студенттерді жайғастыра береміз. Қалғанын 2020 жылы толығымен пайдалануға береміз деген ой бар. 2020 жылдың қыркүйек айында жатақхана түгелдей дайын болады», - деп уәде етті ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов.
Еске сала кетейік, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының бірінде жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөнінде айтылған. Осыған байланысты, Таразда 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік серіктестігі аясында 1650 орындық 3 студенттік жатақхана салу көзделген.
ТИГУ Елбасының бастамасын жүзеге асырған өңірдегі алғашқы білім ордасы болып отыр.