Қазіргі таңда аталмыш азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оның қаладағы өзгеде де қылмыстық әрекеттерге қатыстылығы тексерілуде. Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ ол келтірген мәліметтерге қарағанда, қостанайлық тәртіп сақшылары Арқалық қаласындағы кәсіпкер әйелге жасалған қылмыстық әрекетті әшкереледі. Белгісіз екі азамат кәсіпкер әйелдің үйіне баса көктеп кіріп, оны ұрып- соғып, 70 мың теңгесі мен 500 мың теңгенің әшекейлік заттарын алып кеткен. Іздестіру жұмыстары барысында Астана мен Атбасар қалаларының 28 және 30 жасар екі азаматы ұсталды. Олардан әшекейлік бұйымдар мен қару тәркіленді.