Күдікті өңірдің Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері кеденшілермен бірлескен іс-шаралардың жүргізу нәтижесінде «Қазығұрт» кеден бекетінен ұсталған. Шекара бекетінде қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы жолаушыны тексеру барысында спорттық киімінің жаға-астарынан өсімдік тектес ұнтақ табылған. Сот-химикалық сараптама қорытындысы бұл заттың жалпы салмағы 30,1981 грамм болатын «конабис шайыры» екенін көрсеткен.
Аталған жәйт бойынша Қылмыстық кодекстің 286 бабы 2 бөлігімен іс қозғалып, ОҚО бойынша МКД-нің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бырыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған 21-жастағы Тараз қаласының тұрғыны Сарыағаш ауданындағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу кезінде күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы және мүлкі тәркіленуі мүмкін. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында аталмыш есірткі заттың ірі мөлшерде тәркіленуі 2009 жылдан бері болмаған. Бұған дейін, «конабис шайыры» есірткі затын аз мөлшерде тасымалдау фактілері тіркелген.
Ал, ағымдағы жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша өңірде Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен шекаралық кеден бекеттерінен есірткі контрабандасының 38 дерегі анықталып, заңсыз айналымнан 537 грам есірткі заттары алынды.
ОҚО бойынша МКД-нің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардың барлығы сотқа жолданған.