Тараздықтар Германияның «Динслакен-Хиесфелд» футбол командасымен спаррингтік кездесу өткізеді

АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысының «Тараз» футбол клубы Түркияның Анталия қаласындағы екінші оқу-жаттығу жиындары аясында алғашқы спарринг-матчын өткізеді.

Олардың бұл жолғы қарсыласы Германияның Оберлигасында («Oberliga Niederrhein») ойнайтын «Динслакен-Хиесфелд» командасы болмақ.

Сербиялық Бас бапкер Любомир Петрович жаттықтыратын тараздықтардың бұл жиыны 7 қаңтарда басталған болатын. 22 қаңтарға дейін олар 3 спарринктік-матч (12, 16, 19 күндері) өткізбек. Бұған дейін 14-22 желтоқсан күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында өткізген алғашқы жиында Дубай қаласында жергілікті «Аль-Шабаб» командасымен кездесіп, 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Бұл жолы олар хорватиялық Йосиф Микулич пен сербиялық Марко Рандьелевичті байқап көрмек. Бұл екі ойыншы командадағы орталық қорғаушыны күшейтуге көмектесетін болады. Өткен маусымда Йосиф Хорватияның «Горица» клубында 8 матч өткізсе, Марко Сербияның «Раднички-НИШ» командасында 15 ойынға қатысып, 2 голдың авторы атаған еді.