Тараздықтар Түркияның «Мұратпаша» командасынан басым түсті

АЛМАТЫ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Тараз» футбол клубы Тәуелсіздік мерекесі күні Антальяның «Мұратпаша» командасын 2:1 есебімен ұтты.

Арнольдус Дик Пайперс жаттықтыратын тараздықтардың бұл жаңа маусымға дайындық барысындағы екінші кездесуі болатын. Бұған дейін олар Алматының «Қайратымен» кездесіп 1:0 есебімен басым түскен болатын. Бұл жолы Мұрат Тілешов пен Виталий Евстигнеев көзге түсті.