«27 қаңтар күні сағат 11:47-де облыс орталығындағы жекеменшік тұрғын үйдің ауласындағы уақытша баспанада 37 жастағы ер адам иіс тиіп көз жұмты», - деп баяндады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғаға үйдің ішін жылыту үшін қосылған газ плитасы себеп болуы мүмкін.
ТЖД-да аймақтағы жекеменшік сектор үйлерінде газ және пеш жабдықтарының істен шығуы немесе дұрыс пайдаланбаудан қайғылы оқиғалардың жиілеп кетуін атап отыр.
Авторы: Галина Скрипник