«Өткен жылы қаланың халықпен есептік кездесуінде осы қаңғыбас иттерді аулау және көртышқандарды жою мәселесі бірнеше рет талқыланған еді. Айта кетейік, сол кезде 6 мың қаңғыбас ит ауланды, ол үшін 9 млн. теңге бөлінген еді. Сонымен қатар, 3,5 млн. теңгеге көртышқандарды құрту бойынша жұмыстар жүргізілді», - деді әкім.
«Осы мәселелерді шешу барысында біз бірқатар кедергілерге тап болдық. Қаңғыбас иттер Тараз қаласының 700 тұрғынына ауыз салғанына қарамастан, жануарларды қорғау қоғамдығы сын айтумен болды. Айта кетейік, сол иттердің 3-еуі құтыру белгісімен ұсталды», - деп атап өтті әкім.
«Алайда біз мұндай көрсеткіштерге көз жұма қарай алмаймыз. Біздің негізгі міндетіміз тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еркін жүруіне жағдай жасау болып табылады», - деді ол.