Тарбағатайда қар күрт еріп, республикалық жолды су басты

Фото: Фото: Абай облысы әкімдігі

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысында су тасқыны қаупі бар ма? ҚазАвтоЖол осыған байланысты мәлімдеме жасады. 

Айта кетейік, бүгін сағат 20:00 шамасында күн жылынып, Тарбағатай тауындағы қар күрт ери бастаған.

Осыған байланысты «Таскескен-Бақты» (ҚХР шекарасы) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында еріген қызыл су жиналғаны байқалады.

Жиналу ұзындығы — 2 шақырым. 

Учаскеде 7  темір-бетон құбыры және бір көпір бар.

«Автожолға тәулік бойы бақылау жүргізіліп, 10 адам, 4 техника жұмылдырылды. ҚазАвтоЖол жолшылары учаскені 100 қап құммен қоршап қойды» дейді компаниядан.

Автожолда қозғалысқа шектеу жоқ.