ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім еткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында агенттік коммуналдық қызметтерге тарифтерді қалыптастыруға әсер ететін негізсіз шығындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
«16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде жылумен, электрмен, сумен және газбен қамту саласы бойынша сотқа дейінгі 21 тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Осы жағдайлардың барлығы бойынша 5,5 млрд теңге залал өтелді және 1,9 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.