«Біздің ұсынысымызға сәйкес, доллардың бағамына қарай баламалы энергия көздерінің бағасы көтеріліп отырады. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда, доллар 25 пайызға қымбаттаса, осы өсімнің айырмашылығына қарай 30 пайыз қосылады. Әзірше, бұл ұсыныс қана. Алдағы уақытта біз баламалы энергияға қатысты осы бір ұсынысты Үкіметке, одан кейін Мәжіліске енгізетін боламыз», - деп атап көрсетті Б.Жақсалиев.
Дегенмен, күн мен жел энергиясының бағасы доллардың бағамымен реттелсе де, ондай өзгерістер күнделікті тарифтерге әсер етпеуі тиіс. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде елімізде баламалы энергияны өндіретін 50-ге жуық нысан бар. Олардың барлығы 252 МВт энергияны шығарып отыр. Бұл жалпы электрэнергиясының тек 0,94 пайызы.