Бұл туралы Алматыда өткен әлеуметтік шиеленістерді шешу мен қарастыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басқосуда негізінен коммуналдық тарифтің өсімін бір қалыпты ұстау және Алматы қаласы бойынша тұрғын-үй шаруашылығының жоспары қаралды.
«Тарифтік саясат түбегейлі қайта қарауды қажет етеді. Әрине, бұл ауыр, әрі қиын үдеріс, бірақ ол монополистер үшін амалсыз шара. Қайта қарау ең алдымен тұтынушылар үшін қажет. Ең бастысы, бұл жүйе қоғамға түсінікті және ашық түрде болуы керек. Бүгінде бұл жүйе жабық және ашық жүргізілмейді», деп атап өтті отырыста Монополияға қарсы қоғамдық комиссияның төрағасы Петр Своик.
Отырыс барысында Алматы қаласының Мәслихат депутаты Андрей Моргунов: "Кеңестің шешімі заңды шығармашылық жиындардың бірінде қаралып, талқыланатын болады", деп хабарлады.
Алматы тұрғындарының бастамашыл топтың өкілі Райхан Әмірбекованың айтуынша, қала тұрғындары сегіз жыл бойы өз азаматтық құқықтарын қорғап коммуналдық тарифтердің өсуімен күресіп келеді. "Біздің дәлелдеріміз бен есептеріміз ҚР Азаматтық-процессуалды кодексіндегі заңға негізделген. Осы жылға дейін біз монополистерге 20-дан аса арыз жібердік. Ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан мәселені енді басқарушы партия ретінде "Нұр Отан" ХДП-сы шешеді деген үміттемін", деді Райхан Әмірбекова.
Жиынға қатысушылардың пікірлеріне қарағанда, тұрғын-үй шаруашылығының жоспары міндетті түрде кең көлемде модернизациялауды қажет етеді.