Фильмде белгілі тарихшы-ғалымның Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысты ғылыми тұжырымдары сөз болады. Қазақтың соңғы ханы туралы материалдарды зерттеп, зерделегені үшін Е.Бекмаханов буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген жаламен айыпталып, 25 жылға сотталған.
Қазақ ханының рөлін Санжар Мәдиев ойнайды. Картинадағы рөлдерді сондай-ақ Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Нұрлан Алтаев сомдаған. Фильм көрермендерге биыл жол тартады деп жоспарланып отыр.