Еске салайық, ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында уәкілетті мемлекеттік органдардың «Халық тарих толқынында» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі, сондай-ақ бұған дейінгі отырыстарда жүктелген міндеттерді іске асыру барысы талқыланған болатын.
«Екінші отырыста тарих саласына қатысты PһD докторлары туралы мәселе көтерілген болатын. Сонымен қатар тағы бір мәселе біз жоғарғы оқу орындарындағы тарих кафедраларының атауын өзгерттік, енді мазмұнын да өзгерту туралы әңгіме болған еді. Жалпы тарих кафедраларын саясаттанушы, экономистер немесе басқа да тұлғалар басқармауы керек. Тарих кафедрасын тарихшылар ғана басқаруы тиіс»,-деді М. Тәжин.
Осыған орай Мемлекеттік хатшы Білім және ғылым министрлігіне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.