Тарих пәні Алтын Орда туралы тың деректермен толықтырылады - Дәурен Абаев
«Оларды келесі жылдан бастап жүзеге асыруымыз қажет.
Бірінші, шетел архивтеріндегі Алтын Ордаға қатысты материалдарды іздеу жұмысын күшейту;
Екінші, республика аумағындағы Алтын Орда қалаларын қайта қалпына келтіріп, соның негізінде тарихи-материалдық кешен құру бойынша жоспар дайындау;
Үшінші, ғылыми монографиялардың шығуын пысықтау», — деген ол Жошы, Берке, Өзбек хандардың тарихи рөлін тереңірек зерттеу көзделіп отырғанын атады.
«Төртінші, «Ұлық Ұлыс» энциклопедиясының шығуын пысықтап, Уикипедиядағы Алтын Орда тақырыбына қатысты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі контентті жаңалау;
Бесінші, Ұлық Ұлыстың Жошыдан Кенесарыға дейінгі хандары туралы, Алтын Орданың рухани және материалдық мәдениеті, қалалары мен сауда саясаты жайлы деректі фильмдер сериясын шығару мәселесін пысықтау;
Алтыншы, алтынордалық эпостар желісімен балаларға арналған ертегілердің шығуын қамтамасыз ету;
Жетінші, Алтын Орда тақырыбы бойынша ашылған тың деректерді ескере отырып, мектеп және жоғарғы оқу орнындағы Қазақстан тарихы пәні бағдарламасының мазмұнын өзектендіру», — деді Дәурен Абаев.