«Тарих жасалды» - деп жазды GGG Шереметамен жекпе-жекке қатысты жазбасында.
Сондай-ақ Г.Головкин айқастан кейінгі сәттері туралы фотолармен бөлісті.
Еске сала кетсек, Головкин Шереметаны мерзімінен бұрын жеңіп, өзінің салмақ дәрежесінде рекордтық 21-ші рет әлем чемпионы титулын қорғап шықты. Бүгінде қазақстандық боксшының IBF және IBO титулдары бойынша белдіктері бар.
Осы жекпе-жектен кейін Геннадий бүгін өтетін Сауль Альварес – Каллум Смит арасындағы айқастың жеңімпазымен жұдырықтасуға ниет білдірді.