Тарихи қадам - халықаралық қоғамдастық Си Цзиньпин мен Ма Инцзюдің кездесуін жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚКП ОК Бас хатшысы, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 7 қарашада Сингапурде Тайвань әкімшілігінің басшысы Ма Инцзюмен кездесу өткізді, онда олар Тайвань бұғазының екі жағалауы арасындағы байланыстарды бейбіт дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Қоғамның әртүрлі жіктерінің өкілдері, этникалық қытайлықтар мен шетелдердегі қытай эмигранттары тарихи маңызы зор бұл кездесуге жоғары баға берді және кездесу жағалауаралық қатынастарды бейбіт дамытуға жәрдемдеседі, әлемде және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылыққа терең ықпал етеді, деген сенімдерін білдірді.

Ресейдің RT ақпараттық агенттігі екі жағалау көшбасшыларының кездесуі бір Қытай принципі негізінде өтті, кездесудегі маңызды тақырып екі аудан арасындағы байланыстарды бейбіт дамытуды ынталандыру болды, деп жазды. Бұл көшбасшылардың 66 жыл ішіндегі алғашқы кездесуі және оның тарихи маңызы зор, бұл Тайвань бұғазы екі жағалауының арасындағы байланыстарды дамытуда маңызды қадам, бұл олардың арасындағы байланыстарының келешегімен тығыз байланысты, деп атап өтеді агенттік

Француздың BFM TV жаңалықтар телеарнасы да кездесудің маңызы зор деп санайды. Франс Пресс агенттігі Си Цзиньпин мен Ма Инцзюдің қол алысуы «тарихи» оқиға деп хабарлады.

Индонезиялық саяси талдамашы Ли Чжохуэй екі жағалау көшбасшылары екі аудан арасындағы байланыстарды дамытудың жаңа парағын ашты деп санайды, ол Тайвань бұғазының екі жағалауы бірлескен күш-жігерімен бейбіт бірігу жағына қадам басуды жалғастырады деген сенімін білдірді.

Сондай-ақ Австралия ғылым академиясының және Австралиялық инженерлік академияның академигі, Монаша Университетінің проректоры Юй Айбин, Вудро Вильсон атындағы американ-қытай қатынастары бойынша халықаралық ғылым орталығы жанындағы Г.Киссинджер институтының директоры Роберт Дейли, Қытай-филиппин әртүрлі қоғамдық топтар федерациясының төрағасы Чюй Чжунжун бұл кездесудің тарихи жігерлендіруші оқиға екенін атап көрсетті.