Бұл туралы бүгін 2010 жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың міндеттеріне арналған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Серікқали Бисақаев мәлім етті.
«Қазақстанға оралмандардың 59,6 пайызы - Өзбекстаннан, 13,9 пайызы - Монғолиядан, 10,1 пайызы - Қытайдан, 7,9 пайызы - Түрікменстаннан, 4,3 пайызы - Ресейден және 4,2 пайызы басқа да елдерден келді»,-деді комитет басшысы.
С. Бисақаевтың сөзіне қарағанда, олардың ең көбі Оңтүстік Қазақстанда - 21,7 пайызы, Алматы облысында - 14,7 пайызы, Маңғыстау облысында - 12,2 пайызы, сондай-ақ Жамбыл облысында - 9,4 пайызы орналасқан. «Барлығы 2010 жылға оралмандардың көшіп келу квотасына енгендер үшін республикалық бюджетте 8,5 млрд. теңге қарастырылған болса, оның 96,4 пайызы игерілді»,-деді ол.