Оның сөзіне қарағанда, Астана ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі кезінде еліміздің халықаралық қақпасы - әуежайдың Елбасы атымен аталуы орынды.
«Халықаралық аренада Елбасының беделі жоғары екені сөзсіз, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде таңылған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті, әлемде алғаш болып ядролық қару-жарақтан бас тартуы, елдер арасындағы бітімгершіліктің оң тәжірибелері мен басқа да оң істер арқасында танылуда», - деп атап өтті Ғ. Төреғұл.