Дегенмен миллиардер бұл көрсеткіште ұзақ тұра алмады. Сәрсенбі күнгі рейтинг бойынша, оның байлығы 199,7 миллиард долларға бағаланған. Қалай десек те, мұндай бағалаудың өзі – Безос үшін жаңа рекорд.
Бұл жағдай Amazon акциялары құнының тұрақты өсіп отыруына байланысты. Сейсенбі күні ол 1,18%-ға, яғни бір данасы 3346,49 долларға дейін өссе, компанияны капиталдандыру 1,68 триллион долларға дейін көтерілген. Басылымның хабарлауынша, Безосқа Amazon акцияларының 11,1%-ы тиесілі және ол 2017 жылдан бастап Forbes-тың ең бай адамдар рейтингін бастап келеді.
Amazon – әлемдегі ең ірі онлайн-сатушылардың бірі. АҚШ-тан бөлек, компания Канада, Қытай, Бразилия, Жапония және Еуропа елдерінде жұмыс істейді. Amazon.com интернет-дүкені 1995 жылдың шілдесінде ашылған болатын.