АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің ғарышкері Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышта NASA астронавты Стив Боуэнге қосылу үшін халықаралық ғарыш станциясының модулінен шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Әл-Нейадидің отаны ғарыштағы бұл саяхатты «тарихтың елеулі кезеңі» деп атады. Отандастары астронавқа «Ғарыш сұлтаны» деген ат қойды.
41 жасында Сұлтан әл-Нейади ашық ғарышқа шыққан алғашқы араб ғарышкері атанды.
Ол алты айдан бері ХҒС бортында болды.
Станция модулінен шыққаннан кейін әл Нейади NASA-дағы әріптесімен бірге модульді энергиямен жабдықтау жүйесін жаңарту жұмысын атқарды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.