Өйткені, ВР өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай сот шешімі компания акциясының күрт төмендеуіне себеп болып отыр.
Сот шешімімен ВР-ға қосымша айыппұл салынды. Компания бұдан бұрын Мексика шығанағы жағалауындағы тұрындардың өтемақы қорына бірнеше миллион аударған.
Еске сала кетейік, Жаңа Орлеанның оңтүстік-шығысында, 210 шақырымда теңізде орналасқан ВР-дің «Deepwater Horizon» бұрғылау платформасындағы оқиға тарихтағы ең ірі экологиялық апат болып есептелді. 2010 жылғы сәуірде болған сол жарылыстан 11 адам қаза тауып, Мексика шығанағындағы теңізге миллиондаған мұнай баррелі төгілген болатын.