Ол 1960 жылдан бері осы телехикаяның авторы болып, өмірінің соңғы күндеріне дейін кеңесші болып қызмет еткен.
Телехикая идеясын бастапқыда Granada телеарнасы құптамаған. Дегенмен телехикая түсіріліп, 1960 жылдың желтоқсанында оның премьерасы өтті.
Сол кезден бері ол британиялық телеарнада көрсетіліп келеді және қазір оны ITV телеарнасы трансляциялап жатыр.
Манчестердегі ойдан шығарылған Коронейшн стрит көшесінде болып жатқан оқиғалар жайлы көрсетілетін телехикая ресми түрде телевизия тарихындағы ең ұзақ телехикая ретінде танылған. 2012 жылдың қарашасында эпопеяның 8 000-ыншы сериясы шықты.