«Қазақ халқы кеше ғана қалыптасқан жоқ, оның тарихы өте тереңде екені белгілі. Біздің қазақ даласында ертеден сақ, үйсін, ғұн және де түрік қағанаттары өмір сүрді. Тарихымыз олармен тікелей қатысты. Одан кейін Алтынорда, оның ішінен қазақ хандығы жеке бөлініп шықты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытаудағы сөйлеген сөзінде айтқан мәселелердің, ғұндардан бері, қазіргі тәуелсіздік деп келе жатқан мәселелердің барлығы халқымыз үшін маңызды, әсіресе жастар үшін терең маңызды екенін айту керек деген болатын. Ендеше Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау, өскелең ұрпақ үшін ұлы тарих беті», - деді Жандарбек Мәлібеков.