Тариx сабақтарын есте сақтау керек - Нұрсұлтан Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев xалыққа тариx сабақтарын есте сақтауға шақырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» музейінде болып, саяси-қуғын сүргін құрбандарына тағзым етті.

«Саяси қайраткерлермен бірге олардың әйелдері мен балаларын да репрессиялады. АЛЖИР-де қолдарында кішкентай сәбилері бар әйелдер отырды. Кейбір балалар осында дүние есігін ашты. Осындай қатыгездік болды. Аталмыш музей аз да болса, соның бір бөлшегін көрсетеді», - деді Назарбаев.

Елбасы сол заманды еске алу қиын екендігін атап өтті.

«Біз мүлдем өзге мемлекет құрдық. Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары сақталатын құқықтық мемлекет жасадық. Сондықтан Қазақстанда бірде-бір саяси тұтқын жоқ. Сондықтан осыны бағалауымыз керек», - дейді Президент.

Мемлекет басшысы саяси қуғын-сүргін төңкерістен кейін болғанын да тілге тиек етті.

«Бірде-бір революция адамға, мемлекетке жақсылық әкелмеген. Соңғы жылдары орын алған революциялар мемлекетті шайқалтып, xалықтары 10-15 жылға береке таппай тентіреді, терроризм, кісі өлтіру, бандитизм өршіді. Сондықтан бізге эволюциялық даму қажет. Сол кезде ғана алға жылжимыз. Тариxтың сабағын ұмытпауымыз керек», - деді Елбасы.