Таркан өзінің үйлену тойында қалыңдығына арнап ән салды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның атақты әншісі Таркан өткен күндері Пынар Дилек есімді арумен Тарабиядағы вилласында қарапайым ортада некелерін қиған болатын. Бұл жолы жұлдызды жұп Германияда үйлену тойын барлық сән-салтанатымен атап өтті. Бұл туралы 24.kz телеарнасы Hurriyet.com-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Таркан үйлену тойына смокинг, ал қалыңдығы Пынар қарапайым той көйлегін киді. Ал бүгін үйлену тойында жұбайымен түскен суреттерді әлеуметтік желілерге салып, тыңдармандарымен бөлісті. Сондай-ақ, жұлдыз жарына арнап ән де шырқады.