— Astana LRT — халықаралық деңгейде қолданылатын атау. Ал ресми атау ретінде «Tarlan Astana» бекітілді. Біз халықтан жүйеге ерекше атау ұсынуды сұрадық. Келіп түскен ұсыныстардың ішінен осы атау таңдалып, басшылықпен бірге бекітілді, - деді ол жалпыұлттық онлайн-марафон барысында.
Еске салсақ, 2 шілдеде Астанадағы LRT-ге ресми түрде Tarlan Astana атауы берілгені белгілі болды. Қаулы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және 2026 жылғы 12 маусымдағы республикалық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес қабылданып, ресми түрде жарияланды.
LRT желісі іске қосылғалыекі аптада 1 миллион жолаушыны тасымалдады.