— Қазіргі уақытта жүйенің орташа тәуліктік жолаушылар ағыны — шамамен 70 мың адам. Бұл көрсеткіш оның елорда тұрғындары мен қонақтары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Tarlan Astana елордадағы қоғамдық көліктің негізгі түрлерінің біріне айналып, жолаушыларға жылдам, жайлы әрі қолайлы қатынау мүмкіндігіне айналып келеді, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, елордада Tarlan Astana жобасының Қосшы бағытына арналған екінші кезеңін іске асыру жұмысы да басталды. Жобаның жүзеге асырылуы елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға және тұрғындар мен қала қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Осыдан бұрын Астанадағы LRT-ға «Тарлан Астана» атауы берілуі мүмкін екенін жазған едік.