«Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде студент-педагогтарды ынталандырудың жаңа жүйесі ретінде 100 студентке олардың мәртебесіне қарамастан (грант алушы немесе келісімшарт негізінде) айына 10 АЕК мөлшерінде арнайы шәкіртақы тағайындау белгіленді», - делінген хабарламада.
Егер студенттің GPA деңгейі жоғары болса, қоғамдық өмірге белсенді араласса және мұғалім болуға ықыласы мен ұмтылысы зор болса, онда әрбір студенттің жоғарыда аталған шәкіртақыны иеленуіне толық мүмкіндігі бар.