Сондықтан да тәртіп пен жұмыс сапасы зор маңызға ие болуда. Бұл қарапайым қағидаларсыз сәтті жаңғыртудың болуы мүмкін емес, деп қадап айтты Мемлекет басшысы.
«Мемлекет өмір сапасын арттыру үшін қанша жерден тырысса да, ол әрбір қазақстандықтың үлесінсіз еш өніп-өспейді. Құр қол қусырып отыруға болмайды, мемлекет те әрбір адамның өміріне араласа алмайды. Мемлекеттің басты мақсаты - зейнеткерлерге көмектесу, ал қалғандарына жұмыс істеу үшін жағдай жасау, әркім де ел игілігі үшін қызмет етулері тиіс. Егерде әрқайсысы осындай пікірді ұстанса, еліміздің тезірек дамитынына сенімдімін», - деді Президент.