Қылмыспен күрес жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қайрат Мұхадамиевтің айтуынша, жеке үйдегі қоймадан «Әділ Платинум», «Қазақстан», «Бахус», «Хуторянка», «Түркістан» және басқа да жалған алкогольдік өнімдердің 39 жәшігін тапты. Осы жерден сондай-ақ, акциздік маркалар, құюға дайындалған бос шөлмектер, алкоголь құйылған бөшкелер, дозаторлар, т.б. заттар табылған.
Заңсыз кәсіпкерлік факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.