Тәртіп сақшылары әйелдерге күш көрсету әрекеттерінің алдын алуға бағытталған акция ұйымдастырмақ

None
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары әйел азаматтарға күш көрсетудің алдын алу шарасын ұйымдастырмақ.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

 Оның айтуынша, «Зорлық зомбылықтан ада отбасы» деген атаумен ұйымдастырылатын шара наурыздың 12-і мен 14-і аралығында жалғасады. Аталмыш акцияға қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады. Мұндағы мақсат - әйелдерге зорлық-зомбылық, күш көрсету әрекеттерінің алдын алу. Сондай-ақ әйелдерге күш көрсетуге бейім азаматтармен жеке сауықтыру шараларын жүргізуге бағытталған жұмыстардың жүйесін қалыптастыруға бағытталған.