Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
Оның айтуынша, «Зорлық зомбылықтан ада отбасы» деген атаумен ұйымдастырылатын шара наурыздың 12-і мен 14-і аралығында жалғасады. Аталмыш акцияға қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйым, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылады. Мұндағы мақсат - әйелдерге зорлық-зомбылық, күш көрсету әрекеттерінің алдын алу. Сондай-ақ әйелдерге күш көрсетуге бейім азаматтармен жеке сауықтыру шараларын жүргізуге бағытталған жұмыстардың жүйесін қалыптастыруға бағытталған.