Оның деректері бойынша, есірткі заттарының құрамында ең қуатты саналатын героин де, марихуана да бар.
«Біреулер есірткіні автокөлігінің жүк салғышына тығып, алыстағы елд імекендерге де жеткізе бастапты. Мәселен, 10 сәуір күні арнайы рейдке шыққан тәртіп сақшылары Талдықорған қаласы маңындағы үлкен жолда автокөліктің жүк салғышынан салмағы 1 келі 596 гр. болатын марихуананы тауып алды. Қазір 22 жастағы көлік иесі уақытша ұстау орнына қамалды. Тергеу жалғасуда»,-деді департамент директоры.
03:06, 16 Сәуір 2017
Тәртіп сақшылары бір аптада 93 келі есірткі тәркіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 10 сәуірде басталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы есірткіге еліткендерге оңай тимеген сыңайлы. Санаулы күнде полиция қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтаған 48 адамды анықталды. Олардан 93 келі есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.