«Полиция өкілдері мен еріктілерден, әкімдік және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдерінен құрылған мобильді топтар карантин режимінің сақталуын қадағалауды жалғастырады. Жыл басынан бері мобильдік топтар мыңнан астам заңбұзушылықты тіркеді. Бас санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысына қарамастан, азаматтар әлі күнге дейін ойын-сауық орындарына, компьютерлік клубтарға барып жүр. Соның салдарынан өзімен бірге басқалардың денсаулығына қауіп төніп отыр. Базарларда, автобустарда, саябақтар мен скверлерде санитарлық нормалар ескерілмейді», -деп жазады депертамент қызметкерлері.
Полиция вирус жұқтырғанын біле тұрып, қоғамдық орынға шыққан адам әкімшілік жаза арқалайтынын ескертеді.
«Сіз вирустық инфекцияның тасымалдаушысы болуыңыз мүмкін. Оны білмегендіктен маңайыңыздағыларға жұқтырасыз. Ал адам ауру екенін біле тұрып, маска кимесе, адамдарға жұқтыруды жалғастыра берсе, оған әкімшілік жауапкершілік шаралары қабылданады. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына жәрдем көрсетуге шақырамыз. Мұның бәрі Сіздің және жақындарыңыздың игілігі үшін жасалады», - деп жазылған департамент таратқан мәліметте.