Яғни ішкі істер органдарында өндіріс барысындағы жайсыз жағдайлардың 33-і тіркелмей қалған. Бұл мәліметтерді бүгін Астана қалалық прокуратурасының Қадағалау, анықтау және тергеу басқармасының бастығы Серғалы Шарбеков келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, өндіріспен байланысты дене жарақаттарына жүргізілген қосымша тергеу жұмыстары қылмыстық қудалау органы қызметкерлерінің тұрғындардың арыздары мен шағымдарын қарау мерзімін бұзатындығын көрсетті. «Яғни құқық қорғау органдары тексеру шараларын толық және талапқа сай жүргізбейді. Сондай-ақ азаматтардың шағымдары мен арыздарына жүргізілген тексерулер тәртіп сақшыларының тексеру жұмыстарына немқұрайлы қарайтындықтарын көрсетіп отыр», деді басқарма бастығы.