«Тәртіп» шұғыл алдын алу іс-шарасы өткен екі күннің ішінде 2,5 мың құқық бұзушылық анықталды

None
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Тәртіп» шұғыл алдын алу іс-шарасы басталған екі күннің ішінде елордада 2,5 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, айналымнан 2 дана заңсыз қару-жарақ алынды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқапарат.

Оның сөзіне қарағанда, 144 тәртіп бұзу оқиғасы шетелдік азаматтардың елімізде заңсыз жүрулеріне байланысты болған. «Осының нәтижесінде 17 адам Қазақстаннан шығарылса, 165 қаңғыбас ұсталды. 888 адам тіркеуге алынды», - дейді Б.Есенбай.